06
Мамыр

Санат жоқ 06.05.2013

Парламенттiк «өзін-өзі бақылау»: «Ақ жол» партиясының ұсыныстары Үкiметтік терiс қорытындылармен, тiптi мұндай қорытындылар талап етілмегеннің өзінде қабылданбайды

6 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
 «Ақ жол» партиясының ұсыныстары Үкiметтік терiс қорытындылармен, тiптi мұндай қорытындылар талап етілмегеннің өзінде, Үкiметтің терiс қорытындылармен қабылданбайды – өткен сенбіде ҚДП фракциясының отырысында депутаттардың заң шығарушылық  жұмыстарын талқылау барысында осындай қорытынды жасалынды.
- Бiздiң депутаттардың түзетулері. тiптi мұндай қорытынды талап етпейтін жағдайдың өзінде, жұмыс тобының жетекшілерімен Үкiметке қорытындыға жіберіледі дейді «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, - мәселен, ҚР Конституциясының 61-бабының 6-тармағына сәйкес,  ҚР Үкiметiнiң оң қорытындысы тек мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобаларына қатысты ҚР талап етіледі.
Бірақ іс жүзінде, сірә заң дайындаушылардың біздің ұсыныстарға тіпті қарсы-дәйектері қалмағандығынан болуы керек, демократиялық фракцияның депутаттарының бастамаларымен осындай жағдайлар болып жатады. Үкіметтің теріс қорытындысы енді жұмыс топтарына үкіметтің ұстанымына сілтеме жасай отырып оларды қабылдамауға мүмкіндік береді. Бұл құбылысты «өзін-өзі бақылау» дегеннен басқаша атау мүмкін емес – деп нақтылайды өкінішпен депутат.
Бұл экономика саласындағы қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасына; салық заңнамасы бойынша (ҚДП бір қатар ұсыныстары кәсiпкерлердің заңды құқығына тиеселі болды және бюджеттің мүдделерiне тиіспеді), және т.б. «Ақ жол» ҚДП-ның түзетулеріне қатысты орын алды.
Осындай жағдайлармен тағы да «ақжолдықтардың» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қайшылықтарды алуы туралы заң жобасын қарастыру барысында 36 түзетулерінен 29-ы қабылданбай қалған болатын.  Мәселен, үкіметтің теріс пікіріне сілтемемен «Сайлау туралы» заңына қатысты «Ақ жол» ҚДП-ның  түзетулерінiң  7-нің барлығы да қабылданбады. Соңғы парламенттiк сайлауларда салық декларацияларын әр түрлі түсінулердің салдарынан банктiк карточкаларындағы 30-100 теңгеге қалдықтары және басқа да ұсақ сылтаулар бойынша ондаған кандидаттар алынып тасталды.  «Ақ жолдың» депутаттары сайлау процесiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы неғұрлым тиянақты және тиiмдi тәсiлдермен әрекет ету қажет деп есептейдi. Алайда, «Ақ жол» ҚДП-ның бұл заң бойынша ұсыныстарының барлығы қабылданбай  қалды.
Сондай-ақ Үкімет «Ақ жолдың»  ӘҚБтК-не мемлекеттiк қызметкерлерге өз қызметтiк өкiлеттiгiн мемлекет мүдделерiне кереғар пайдаланғаны үшін (қылмыстық әрекеттiң белгiлерiнсiз) әкiмшiлiк жауапкершiлiктi (айыппұл ) енгізу туралы ұсыныстарын да қолдамады. Заң дайындаушылар  мемлекеттiк қызметкерлердiң мұндай бұзушылықтарына тәртiптiк жазалау шаралары бар деп түсiндiрді.
- Егер мемлекеттің және қоғамның мүдделері бұзылған болса мемлекеттiк қызметкерлердi тәртiптiк жазалаудан қандай пайда бар? – дейді демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев. – Мұндай бұзушылықтардың алдын алуда үстiрт өндiрiп алулар емес, ал нақты айыппұлдар болуы тиіс.
Сонымен қатар, «Ақ жол» ҚДП мемлекеттiк сатып алуларда тауарларды,  қызмет көрсетулердi лоттарға бөлмегендерi үшін лауазымды тұлғаларға 50-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұлды көбейтуді ұсынған.  Демократтың дәйектері анық: мысалы, күрделi мемлекеттiк сатып алуларды бiр лот бойынша жүргiзу (мысалға, ауруханалар, мектептер салғанда) жобаның нақты құрамды бөліктерінің бағасын жасырып қалуға алып келедi. Нәтижесінде, бұл әдiс мемлекеттiк сатып алулардың құнын жасанды арттыру үшін, сондай-ақ  отандық өндiрушiлердің құқықтарын бұзу үшiн пайдаланылады, себебі тендерді бiр жеткiзушi ұтып алады, бірақ одан әрі нақты ұстанымдар (құрылыс және өңдеу материалдары, жиhаз, медициналық  және мектеп жабдықтары және т.б.) оларға қазақстандық ұстау бойынша талаптадыр есептеусіз сатылып алынады.
Сондықтан, мұндай бұзушылықтар үшін - 50 АЕК болып табылатын айыппұл отандық өндiрушiлердің заңсыз алатын табыстарының және жіберіп алған пайдаларының ауқымдылығымен тіпті сәйкес келмейді. Бірақ, заң дайындаушылардың жауабы керiсiнше, «Ақ жолмен» ұсынылатын айыппұлдың мөлшерi «әрекеттің қоғамдық қауiптілігіне сәйкес келмейдi», және тіпті «осы мәселе заң жобасының тұжырымдамасының шеңберінен тыс» дейді.
Дәл осындай  тетiктер арқылы орасан зор қаржылар ұрланады және содан соң елден шығарылады – деп түсінбейді «Ақ жолда», -  біз оны жасаудың нақты әдiстерін өзіміздің түзетулерде көрсетіп отырсақ қалайша  сыбайлас жемқорлық туралы заң жобасының «тұжырымдамасына жатпайды»?
Осылайша ҚДП-ның басқа да көптеген ұсыныстары қабылданбай қалған болатын.
«Ақ жол» фракциясы  ҚР Парламенті депутаттарының заң шығарушылық бастамасының мүмкiндiктерiн күшейтудiң қажеттiлiгi туралы бірнеше мәрте мәлiмдегенiн атап айтуға тұрады.
Тиiстi ұсыныстар, мәселен ағымдағы жылдың сәуiр айында Сенатта болған қазiргi парламентаризмді дамыту мәселелері бойынша конференцияда ҚДП басшысымен айтылған.
- Байқалып отырған беталыс парламенттің үкiметпен қарым- қатынастарындағы өкiлеттiктерiн кеңейтудiң және сонымен қатар парламенттiк фракциялардың мәртебесін күшейтудiң қажеттiлiгiн көрсетеді - деп қорытындылады Азат Перуашев - қазiргi уақытта үкіметпен Парламенттiң өкiлеттiктерiн кеңейту туралы тиiстi заң жобасы дайындалып жатқаны белгілі.  «Ақ жол» партиясы осы заң жобасы үшін сәуір айында Әділет министрлігіне ұсыныстар топтамасын жолдапта қойды. Дегенмен, біздің өткен тәжірибемізді  ескере отырып, заң шығарушылық үдерістің ерекшеліктерін және жұмыс топтарының ештеңеге жол бермейтін «өзін-өзі бақылауын» еске алатын жаңа ұсыныстарды да дайындау қажет.