«Ақ жол» қазақстандық фармацевтика өнімін өндірушілердің мүдделерін бұзушылық мәселесін қайтадан көтереді
2013 жылдың 22 мамыры, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» қазақстандық фармацевтика өнімін өндірушілерінің мүдделерін бұзушылық мәселесін қайтадан көтереді – Денсаулық сақтау министрлігімен жүргізіліп отырған бұрын жасалған шарттар бойынша дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу көлемдерін 50 пайызға азайту 2010-2014 жылдары ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламасының іске асырылмай қалу қауіпін туғызады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында Талғат Ерғалиев мәлімдеді.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 8-інші ақпанында бұл мәселені Екатерина Никитинская да көтерген. Онда ұзақ мерзімге жасалған шарттық жеткізілімдердің күшін жойған, және шетелдік өнімнің импортшыларының мүддесін лоббилеген Үкімет Қаулысына өзгерістер енгізу сөз болған еді.
Үкіметтен түскен жауапта дәрілік құралдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесіне енгізілген бұл өзгерістердің Қаулы күшіне енгенге дейінгі қатынастарға қолданылмайтыны жайында түсіндірулер берілген. Бұдан басқа, жеке хатпен Денсаулық сақтау министрлігі ұзақ мерзімді шарттарды үзу бойынша Ережеге жаңадан енгізілген 133-38 тармағын қолдану жеткізілімнің басталуының екі жылдық мерзімінен асып кеткен жағдайда бұрынғы жасалған дәрілік құралдарды шарттық жеткізулерге таралмайтынын растаған.
Бірақ та Қаулымен Ереженің 133-9 тармағы өзгерген, онда бұрын жасалған шарттары бар жеткізушілерден сатып алу көлемдерінен 50 пайыздық азайту қарастырылған.
Осыған сілтеме жасай отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «СК-Фармация» ЖШС «Глобал фарм Абди Ибрахим» ЖШС-інен, «ФК Ромат» ЖШС-інен, «Нобель» Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-нан, «Santo Member of Polpharma Group» (АО «Химфарм») фармацевтикалық компаниясынан және «Қараганды фармацевтикалық кешені» ЖШС-інен дәрілік құралдардың 50 пайыз көлеміндегі үлкен тобын алу жөнінде тендерлер өткізді.
Олар өз әрекеттерін 2010-2011 жылдары жасалған ұзақ мерзімді шарттарға отыру сәтінде дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу 36 млрд. және 48 млрд. теңгені құрады, ал 2012-2013 жылдары ол екі еседей өсті және соған сәйкес 72,8 млрд. және 82,4 млрд. теңгені құрады деп түсіндіреді. Бірақ, сатып алудың өсуінің онкологиялық, диабетке қарсы дәрі-дәрмектер, гемофилияны емдеу және отандық дәрілік құралдары өте аз вакциналар үшін дәрі-дәрмектердің көлемінің есебінен көбейіп отырғандығын көрсетпейді.
Сауалда атап көрсетілгендей, Бағдарламамен қарастырылған мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі отандық өндірушілерге бірыңғай дистрибьютер арқылы ұзақ мерзімді, 7 жылға дейін, дәрілік құрал-жабдықтарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарттарына отыру болып табылады. Тек осы шара жоғарыда аталған 4 кәсіпорынға фармацевтика саласында көп жылдық тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тарта алды және отандық өндірушілермен шығарылған дәрілік құралдардың көлемі 2011 жылы 10 млрд теңгеден 22 млрд теңгеге және 2012 жылдың қортындысы бойынша 28 млрд теңгеге артты.
«Дәрілік құралдар көлемінің 50 пайызын алып қою ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының нормаларына қайшы келеді – ҚР АК 4 бабына сәйкес «Азаматтық заңнама актілерінің кері күші жоқ және оларды іске қосқаннан кейінгі туындайтын қатынастарға қолданылады...», дейді бұған байланысты депутаттар. – Бұдан басқа ҚР «Инвестициялар туралы» Заңының 4 бабымен біздің Конституциямызбен қамтамасыз етілген инвесторлар құқын толық және сөзсіз қорғау бекітілген».
«Ақ жол» фракциясының депутаттары қалыптасқан жағдайға қанағаттанбайтынын білдіреді және қолданыстағы заңнаманы бұзушылықты болдырмау, сондай-ақ фармацевтика өнеркәсібін дамытуды мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдауды талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.