18
Сәуір

Санат жоқ 18.04.2013

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Финляндияның Президентi Сауль Ниинистёмен кездестi

18 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Жоғары мәртебелі қонақпен кездесуге ҚДП парламенттік фракцияның депутаттары Екатерина Никитинская, Талғат Ерғалиев және Азамат Әбілдаев қатысты.
Азат Перуашевтың Финляндия Республикасының басшысымен  әңгiме барысында кәсiпорындарды, экономиканың басым салаларын және әлеуметтік салаларды ҚҚС салалық мөлшерлемелері арқылы салықтық ынталандырудың фин тәжiрибесi және экономикалық саясаттың басқа мәселелері талқыланды.
Сауль Ниинистё бiздiң республикалар арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейiн атап көрсетті. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екi жақты сауданың көлемі шамамен 800 млн. АҚШ долларына жетті, бұл Қазақстанның тауар айналымының жиынтығы Солтүстік Еуропаның қалған елдерiнен 70%-ға  артық  екенін көрсетеді.
Менiң Қазақстанға бiрiншi мемлекеттiк сапарымда әр түрлi деңгейдегі кездесулер өткiзiлді,- деді Сауль Ниинистё. - Бiз сiздiң республикаңыздың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы, елдер арасында қарым-қатынастар орнатудағы үлкен ілгерілеуді көріп отырмыз.
- Қазақстанда  және Финляндияда өзара іскерлік мүдделер бар. Біз, Финляндияда технология, тамақ өнеркәсібі, машинақұрылысы, медицина, білім беру қалай қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз, -деп атап өтті өз кезегінде Азат Перуашев. – Сіздің сапарыңыздың қорытындысы бойынша экономикадағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер жасалды, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның өзара саудасы дағдарысқа дейінгі көрсеткiштерге жетті.
Фин экономикасы көбінесе инновацияға және бірінші кезекте экологиялық технологияға негізделген, - деп атап өтті Сауль Ниинистё.
- Бiз жыл сайын ЖІӨ-нің кемiнде 3% жаңа технологияларды және ғылымды дамытуға  жұмсауды маңызды деп  есептеймiз. Қазір бұл көрсеткіш 4%-ға тең.
1 %-дан астамы – бұл жоғары салық есебiнен мүмкін болатын мемлекеттiк қолдау. Қазiргi уақытта біз экономикалық өсудi ынталандыру және инвестициялық белсендiлiкті арттыру үшін корпорациялардан  салықты 24% -дан  20%-ға дейiн төмендеттік. Бұл ретте табыс салығы 30% құрайды. Мұндай қадамдар қаржыларды біз үшін басым болып табылатын білімді және денсаулық сақтауды дамытуға салуға мүмкіндік бередi.
Әлемдiк экономикалық процестерге Қазақстанның ықпалдасуының тақырыбы да қозғалды.
Финляндияның басшысы қазақстандық демократтардың көшбасшысына қарап Сiз, қазіргі парламент қызметі шеңберiнде  өзіңіз мүдделерін белсенді қорғап жүрген  бизнес-ортаның өкілі болып  табыласыз,- деді. – Сiз,  Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiгiнен және республиканың Кеден Одаққа қатысуының нәтижесін қалай көресіз?
Азат Перуашев ҚДП фракциясының жұмысына қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын бiлдiрiп, Қазақстанның Демократиялық партиясы либералды партия ретінде бизнестi қолдау және экономиканы жаңғырту мәселелеріне қатты көңіл аударатынын атап өтті.
 - Бiз үшiн ДСҰ-на кіру үлкен қадам болып табылады және үлкен сынақ, бiрақ бiз дамудың еуропалық жолына бағыталғанбыз, - деді «Ақ жол» жетекшісі. - Егер бiз тұрғындардың өмiр деңгейiн жоғарылатқымыз,  жақсы тауарларға қол жеткізгіміз келсе, ДСҰ-на кiруге тиіспіз. Әлемдік жетістіктерден жергiлiктi экономиканы қорғалауға талпыныс – бұл тоқырауға жол.  – Бәсекелестiктен қорқуға болмайды, оған даяр болу керек. Бұл дамудың жалғыз жолы.
КО шеңберiнде Ресей және Белоруссиямен экономикалық байланыстар қалпына келтiрілуде. РФ бiздiң ең жақын серiктесiмiз болып қалады. Көптеген қазақстандық кәсiпорындар, әсiресе өндiру салаларында, ресейлiк өнеркәсiптермен тығыз өзара байланыста құрылған. Өз тарихында Қазақстан Ресейге әрқашанда Еуропаға терезе деп қараған. Бұл мүмкіншіліктер жаhандану жағдайында кеңейтілді, біз бұл жағынан  бұрынғыдан әлдеқайда ашығырақ боламыз. Әрине, бiздi үшiн басты басымдылық бiздiң экономиканың ұлт мүддесі болып табылады. Алайда, олардың жетiстiктері тек  халықаралық нарыққа интеграциялану және әлемдiк экономиканың жақсы жетiстiктерiне араласу арқылы ғана мүмкін. Сондықтан  Кедендік Одақ – бұл әрі дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруге біздің дайындығымыз.
Кездесудiң қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар болған әңгiмеге қанағаттанғандық сезімдерін бiлдiрдi.