20 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында республикалық бюджетті нақтылау барысында «Ұлттық қор қаржысын пайдалана берудің орнына қоғам мен парламенттен жасырын жатқан квазимемлекеттік сектор табысын кәдеге жарату керек», - деді Азат Перуашев.
Нақтылау Ұлттық қордан аударылатын трансферттерді бірден 68%-ға (4 трлн 030 млрд теңгеге дейін) арттыруды көздейді.
«2016 жылға дейін Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында республикалық бюджетке 8 миллиард АҚШ доллары көлемінде кепілдендірілген трансфертті бекіту және оны 15 пайызға дейін түзету мүмкіндігі қарастырылғанын еске сала кетейік.
А.Перуашев дәл осы норманың жойылуынан Ұлттық қордың өзімізге емес, қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына тиесілі қаржысын пайдалану – барлық Үкіметтердің әдетіне айналды.
Нәтижесінде сыртқы қарыз жағдайындағыдай, Ұлттық қордан аударым жасаудың да шегіне жеттік. Қордың рұқсат етілген ең төменгі қалдығы ЖІӨ-нің 30%-нан кем емес мөлшерінде белгіленді. Бүгінгі құжатта Ұлттық қорда ЖІӨ-нің 32%-дан азы қалатыны көрсетілген», - атап өтіп, тиісті заңнама аясында Ұлттық қордан аударылатын трансферттердің көлемін түзетуге шектеулерді қалпына келтіруді ұсынды.
«Мемлекеттік қарыздың өсуі мен Ұлттық қордың жұмсалуына байланып қалған Үкімет мемлекет иелігіндегі неғұрлым қомақты резервтерді дұрыс есепке алмайды. Біріншіден, бұл мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылғанымен, қоғам мен парламенттен жасырын пайдаланылатын квазимемлекеттік сектордың кірістері», - деді ол және пандемия шарықтап тұрған кезде, 2020 жылғы 23 наурызда Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік компаниялардың таза кірісінің 100 пайызын бюджетке аударуды тапсырғанын еске салды.
Алайда, Үкімет 2020 жылғы 27 наурыздағы «Мемлекеттік акциялар пакеттері бойынша дивидендтер туралы» өз қаулысына сілтеме жасай отырып, оны «біржолғы» нұсқау деп түсінді. Ал 2021 жылы бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша мемлекетке квазимемлекеттік сектордан түскен пайданың 100, тіпті 50 пайызы емес, тек 1,4 пайызы ғана жіберілген.
Бүгінгі күні нақтылау кезінде бұл үлесті 11 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қалған 90% жуық табыс (бұл жүздеген миллиардтар) менеджерлердің қарамағында қалады.
«40 миллион теңгенің жалақысы, сыйақысы бар алып бонустардың барлығы осыдан шығады. Ал мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін болашақ ұрпақтың ақшасын қарызға алып, жұмсауға мәжбүр», - деп атап өтті Перуашев және келесі деректерді келтірді.
Мәселен, бір ғана «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның таза кірісі өткен жылдың өзінде 1 триллион 600 миллиард теңгені құрады. Дәл осындай соманы – 1 триллион 600 миллиардты – біз Ұлттық қордан қосымша алып жатырмыз, сол соманы – 1 триллион 600 миллиардты – біз шетел валютасында өтеуге тиісті қосымша сыртқы қарыз ретінде аламыз.
«Ақ жол» фракциясы бұл тәсілді дұрыс емес деп санайды.
2021 жылдың 26 мамырында «ақжолдықтар» үкіметке барлық ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың кірістерін қамтитын кеңейтілген бюджетке көшу туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.
А.Перуашев атап өткендей, бүгінгі құжатты талқылағанда осындай түзету енгізілген: Ұлттық қорға тиіспеу және мемлекеттік кәсіпорындардың барлық 100 пайыз кірісін бюджетке аудару.
«Алайда, Экономика министрлігі – міне, олардың ресми жауабы – түзетуді бұл жерде емес, мемлекеттік мүлік туралы заңға енгізу керек деп жауап берді. Жарайды, бұл дауды сол заң аясында жалғастырамыз», - деп қосты «Ақ жол» басшысы.