10 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының іс-шаралар жоспары аясындағы
кезекті іс-шара Тараз гуманитарлық-политехникалық колледжінде жалғасын тапты.
Кездесуге техникалық бағытты таңдаған болашақ жұмысшы және технолог мамандар
қатысты.
«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.
Әбдісаттарова, заңгер Ж. Сариев еңбек нарығында техникалық мамандарға деген
сұраныс жоғары екенін, қазіргі уақытта жеке кәсіп ашуға мүмкіндіктер барын атап
өтіп, партияның кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту мақсатында атқарып жатқан
жұмыстары туралы кеңінен ақпараттар берді.
Партиялық бағдарламасында кәсіпкерлік саласын қолдауға басымдық беретін «Ақ
жол» ҚДП-ның негізгі ұстанымдары студенттерді қызықтырмай қалған жоқ. Жастар
спикерлерге кәсіп ашудағы тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойып, өз
пікірлерін ортаға салды.
Еркін форматта өткен іс-шараның студенттер үшін берері көп болды.