ҚР Қаржы министрі
М.Т. Такиевке
2025 жылдың 13 наурызынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс
(ӘҚБтК) жазаның жаңа түрімен толықты - өзге тұлғаның жабық ЭЦҚ кілтін
пайдалануы, жеке және заңды тұлғаларға 50 АЕК (196 000 теңге) бастап 200 АЕК
(786 000 теңге) дейін ақылға қонымсыз айыппұлдар салу қарастырылған.
Тәжірибе жүзінде бұл норма заңды тұлғалардың жетекшілері мен жеке
кәсіпкерлерге ғана емес, олардың қызметкерлері және бухгалтерлік немесе өзге де
қызметтерді көрсететін сыртқы мамандарға күрделі қиындықтар туғызады.
Күнделікті жұмыс барысында қызметкерлер бизнестің жұмысына қажетті салық есебін
өткізу, электронды шот фактураларға, кадрлық және кірме құжаттарға, іскерлік
хаттар мен өзге операцияларға қол қою үшін жетекшінің рұқсатымен оның ЭЦҚ
кілтін пайдаланады.
Енді аталмыш санкциялар енгізілгеннен кейін, кілт иесі рұқсат бергенмен
оның ЭЦҚ-сын өзге біреудің пайдаланғаны үшін жауапкершілік көзделген, бұл жұмыс
барысын тоқыратып, қосымша әкімшілік кедергілер тудырады.
Ресми сайтта жарияланған Цифрлық даму министрлігінің ұсыныстарында осы
мәселені шешу үшін сенімхат рәсімдеу ұсынылған. Алайда, бұл шаралар
құзыреттілікті тапсыру мен өзге үрдістерді одан бетер қиындатады:
Заңды тұлғаларға сенімхаттарды фирмалық бланкілерде рәсімдеуге рұқсат
берілген, ал, жеке кәсіпкерлер болса әр қызметкерге нотариалды сенімхат алуға
міндетті.
Бұл ЖК үшін тең емес шарттар мен қосымша қаржылық шығындарға алып келеді.
Одан бөлек, 2026 жылдан
бастап ҚҚС шегінің төмендеуіне байланысты көптеген ЖК амалсыз салық
төлеушілерге айналады, яғни, ЭЦҚ арқылы құзыреттіліктерді тапсыру қажеттілігі
тек арта түседі.
Жетекші барлық есепті өз
бетінше жүргізуі керек деген ұсыныс, әсіресе, оның жұмыс орнында үнемі бола
алмайтынын ескерсек, шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар,
белгіленген айыппұлдардың шамадан тыс екенін ерекше атап өткіміз келеді. Нақты
зиян мен нақты залал болмаған жағдайда 100-150 АЕК көлеміндегі айыппұлдар,
әсіресе шағын және микро бизнес үшін шектен тыс фискалдық жүктемені білдіреді.
Жоғарыда айтылғандарды
негізге ала отырып, «Ақ жол» депутаттық фракциясы ұсынады:
1) Кілт иесінің құжатпен
расталған келісімі болған жағдайда басқа тұлғаның ЭЦҚ пайдаланғаны үшін
жауапкершілікті жою немесе азайту
2) Жеке кәсіпкерлерге
заңды тұлғаларға ұқсас қарапайым жазбаша түрде сенімхаттар беру мүмкіндігін
бере отырып, оларға сенімхаттар беру механизмін біріздендіру.
3) Әрекеттің қоғамдық
қауіптілік дәрежесіне сәйкес келетін неғұрлым әділ және лайықты жауапкершілік
шараларын белгілей отырып, айыппұлдардың мөлшерін қайта қарау.
4) ЭЦҚ шеңберінде қол қою
құқықтарын беруді техникалық жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру – ұйымдар
ішінде, оның ішінде жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, қолжетімділікті бөлудің
икемді және қауіпсіз құралдары арқылы.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының
депутаттары
Е. Бейсенбаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
С. Ерубаев