10 сәуір 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
2025 жылғы 10 сәуірде «Ақ жол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан
облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Түркина және Орал қалалық
мәслихатының депутаты Константин Свешников № 14, 15, 16 сайлау округтерінің
тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай
Қалиев та қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар бірнеше өзекті
мәселелерді көтерді, атап айтқанда:
• Пәтер
иелері кооперативінің (ПИК) қызметі: тұрғындар ПИК жұмысының сапасы мен тиімділігіне
қатысты шағымдарын білдірді.
• Инженерлік
инфрақұрылым: су, электр жарығы және жылу жүйелеріндегі ақаулар мен
тұрақсыздықтар туралы мәселелер талқыланды.
• Абаттандыру
жұмыстарының жеткіліксіздігі: аулаларды көгалдандыру, балалар алаңдарын салу
және жалпы аумақты абаттандырудың жүргізілмеуі мәселелері көтерілді.
• Жол
мәселесі: тұрғындар жолдардың жағдайына байланысты шағымдарын жеткізді.
Депутат Константин Свешников тұрғындардың
барлық сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, оларды шешу үшін тиісті
мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жүгінетінін мәлімдеді. Сонымен
қатар, ол тұрғындарға жол жөндеу жұмыстарына қатысты өтініштерін жергілікті
атқарушы органдарға тікелей беруге болатынын түсіндіріп, өз құқықтары мен
міндеттері туралы хабардар болуға, ПИК жұмысына белсенді қатысуға және
жергілікті билік органдарымен тығыз байланыста болуға шақырды.
Кездесу соңында тұрғындар мұндай ашық
диалогтың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай кездесулердің
өткізілуін қолдайтындықтарын білдірді.