11 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының өңірдегі білім беру саласының өкілдерімен
өткен кездесуінде “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы да
белсенділік танытты.
Жиын барысында партияның Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы сөз алып,
пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру мен жастардың сыни ойлауын дамытуда
пікірсайыс алаңдарының маңыздылығын атап өтті.
Ол “Адал азамат” тәрбие бағдарламасының аясында интеллектуалды
қозғалыстардың жастар арасындағы беделін арттыру қажеттігін алға тартты.
Білім мен тәрбие – ел болашағының тірегі!