10 сәуір 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
10 сәуір күні Орал қаласының әкімі М.Б. Байменовтің қатысуымен қалалық
мәслихаттың нормативтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының
көшпелі отырысы өтті.
«Стелла» шағын ауданындағы жер телімдеріне
қатысты тұрғындардың өтініштері мен инфрақұрылым мәселелері қаралды.
Отырыста «Ақ жол» партиясынан сайланған
мәслихат депутаты Константин Свешников қатысып, азаматтардың талап-тілектерін
жеткізді.
Нақты шешімдер қабылданып, жауапты
мекемелерге тапсырмалар берілді.