11
Сәуір

Алматыда Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тарпаң» қойылымы көрсетілді

https://t.me/peruash/15705

Бүгін Алматы қаласында «Qaganat» эксперименттік жастар театрының және «Ақ жол» демократиялық партиясы филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтановтың шақыруымен, алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлымен, Алматы облыстық филиалымыздың төрайымы Мейраш Шынасылова мен Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаевпен бірге «Тарпаң» спектаклін тамашаладық.

Қойылым қазіргі жастардың «Алаш» қозғалысының күресін пайымдауына және Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған. Театр жетекшісі — Ақсұңқар Әлімхан «Алаш» қайраткерлерінің азаттық жолындағы күресін дала арғымақтарының аллегориялық бейнесі арқылы жеткізді. Қойылым авторы — Шәміл Несіпбай, режиссері — Дәурен Ерназар.

Қойылым жаңашыл, кей тұстарда тосын, фантасмагория және гротеск элементтерімен ерекшеленді. Жас актерлер шабыттана ойнап, көздері оттай жанып тұрды, әр көрініс көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

«Ақ жол» демпартиясының қалалық филиалы атынан театрға шағын сыйақы табыстап, күрделі шығармашылық жолда жетістікке жету беруді тіледім.