14
Сәуір

Ақжолдықтар қолдаған әнші Балдат Бейсеқожа Дубайда жеңіске жетті

14 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Шу аудандық мәслихатындағы «Ақ жол» партиясынан сайланған депутаттардың бастамасымен Дубайда өткен халықаралық конкурста өнер көрсеткен Балдат Бейсеқожа 1-орынды иеленді.

Ақжолдық депутат Мақсат Сұлтанғазиевтің айтуынша, 21 мемлекеттің әншілері қатысқан өнер додасында ел намысын қорғаған шулық әнші Балдат жеңіске жеткен.

Еске сала кетсек, ақжолдық депутаттар аудан өнерпаздарын халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына қолдау көрсету туралы мәселе көтерген болатын. Ақжолдықтардың ұсынысынан кейін аудандық мәдениет үйінің әншісі Балдат Бейсеқожа Грузия елінде өткен байқауда бас жүлдені иеленіп, Дубайға жолдама алған болатын.