20 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы,
партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаты Б.Сандыбаевтың төрағалығымен
облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына, сондай-ақ партиядан сайланған облыстық мәслихат
депутаты Н.Сопбеков және тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.
Күн тәртібінде:
-«Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау,
қызмет көрсету және күтіп-ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы
бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау;
- «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар
үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» № 19 шешіміне өзгеріс
енгізу;
- «Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық
елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін
төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» № 65 шешіміне өзгеріс енгізу;
-«Қызылорда облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» № 334
шешіміне өзгеріс енгізу;
-«Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік
сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 179 шешіміне толықтыру енгізу туралы 5
мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, оларға
депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі 4 мәселе бойынша
шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.