11
Сәуір

Берік Уәлиұлы өңірдегі саяси партиялар өкілдерімен маңызды кездесу өткізді

11 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы өңірдегі саяси партиялар өкілдерімен маңызды кездесу өткізді.

Аталған кездесуге “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитұлы ресми түрде қатысып, партияның ұстанымын таныстырып, өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында білім, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология, мәдениет және жастар саясаты секілді маңызды бағыттар қозғалды. Ержан Хамитұлы осы салалардағы түйткілдер мен оларды шешудің жолдарына назар аударып, “Ақ жол” партиясының реформалық бағыттағы бастамаларын ұсынды.

“Ақ жол” – демократиялық құндылықтарды, әділеттілікті және өңірлік дамуды қолдайтын партия.