ҚР
Премьер-Министрі
О.Бектеновке
Мемлекет басшысы,
2024 жылғы 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында, бақылаусыз
монополияларды жою, бәсекелестікті дамыту және мемлекеттің экономикаға қатысуын
төмендету қажеттігін атап өткен болатын.
Осындай
монополиялардың бірі – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ.
Үкіметтің 2020
жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен «ҚТЖ» АҚ IPO-ға шығару жолымен, басым
тәртіпте бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын ұлттық компаниялар тізбесіне
енгізілді.
Сонымен қатар,
2024 жылғы 27 маусымда Көлік министрі өзінің №224 бұйрығымен Темір жол көлігін
дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Онда, заңнамаға тиісті
өзгерістер енгізе отырып, «ҚТЖ» АҚ үшін транзиттік, экспорттық және импорттық
тасымалдарды орындауға айрықша құқықты бекіту көзделген.
Көлік министрлігі,«ҚТЖ»
АҚ IPO-ға шығарып қана қоймай, оның транзиттегі монополиялық жағдайын
заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынады. Бұл монополияны жасанды түрде құруды
білдіреді, содан кейін оны инфрақұрылымдық активтермен бірге IPO арқылы сату
ұсынылады.
«Ақ жол» демпартиясы,
«ҚТЖ» АҚ акцияларын басқарушы компанияның (корпоративтік орталықтың)
функцияларын оның еншілес құрылымдарымен және инфрақұрылым операторымен нақты
бөлусіз сату, стратегиялық инфрақұрылымдық актив – магистральдық теміржол
желісіне мемлекеттік бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін деп есептейді.
Шын мәнінде, бұл
көлік жүйесін дамыту емес, монополияны жекешелендіру болып табылады.
Сонымен қатар,
Ұлттық теміржол компаниясының транзитті монополиялауы, стратегиялық мемлекеттік
құжаттарға қайшы келетінін атап өткен жөн, атап айтқанда:
«ҚТЖ» ҰК» АҚ
транзиттік тасымалдарды қамтамасыз етуге айрықша құқығын бекіту, жаңа
қатысушылар үшін заңнамалық кедергілер жасай отырып, осы сегменттегі
бәсекелестікті дамыту мүмкіндігін жояды, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту және
экономиканы ырықтандыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа қайшы келетін тарифтік
тәуекелдерді арттырады.
Магистральдық
теміржол желісі, стратегиялық мемлекеттік актив болып табылады, ал оны басқару,
мемлекет, бизнес және қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуі қажет.
Акцияларының 100
пайызы мемлекетте қалуы тиіс және сатылуға жатпайтынұлттық инфрақұрылым
операторын бөлек заңды тұлғаға бөлмей, «ҚТЖ» АҚ IPO-ға шығару, мүдделер
қақтығысын тудырады, өйткені жеке инвесторлар, Қазақстанның теміржол
инфрақұрылымын ұзақ мерзімді түрде дамытуға емес, пайдасын барынша арттыруға
мүдделі болады.
Өз кезегінде, жеке
инвесторлардың пайданы ұлғайтуға деген ұмтылысы, тарифтерді көтеруге және
тәуелсіз тасымалдаушылардың магистральдық желілеріне қол жетімдігін шектеуге
қосымша ынталандырады. Бұл, әділ бәсекелестік қағидаттарына және мемлекеттік
саясатқа қайшы келеді, ал жаһандық транзит үшін бәсекелестіктің күшеюі
жағдайында, жүк ағындарының Қазақстанға балама бағыттарға кетуіне немесе жүк
ағындарының көліктің басқа түрлеріне ауысуына әкелуі мүмкін.
Жоғарыда
айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы, бәсекелестікті дамыту
және экономиканы ырықтандыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа қайшы келетін
транзиттік теміржол тасымалдарын монополиялауға жол берілмеуі тиіс деп
есептейді және келесіні ұсынады:
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
С. Ерубаев
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е.Барлыбаев
Қ. Иса
Е. Бейсенбаев