17
Тамыз

«Ақ жол» партиясының өкілдері атыраулық зауыт жұмысшыларымен кездесті - egemen.kz

https://egemen.kz/news/aq-zhol-partiyasynyn-okilderi-atyraulyq-zauyt-zhumysshylarymen-kezdesti

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Атырау вагон құрастыру зауытының» еңбек ұжымымен кездесті. Жиынға партия төрағасы Дания Еспаева мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында партия өкілдері кәсіпорынның өндірістік жұмысымен танысып, отандық өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде зауыт қызметкерлері күнделікті өмірде кездесетін бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, несие мен ипотекалық қарыздарды жеңілдету, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайту, баспананың қолжетімділігін арттыру және жеке мәліметтердің коллекторлық ұйымдарға таралуына қатысты мәселелер айтылды.

Партия өкілдері жұмысшылардың ұсыныстарын тыңдап, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бастамаларымен бөлісті. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу, азаматтардың құқықтарын қорғау және еңбек адамдарының мүддесін ескеру қажеттігіне назар аударылды.

Жиын барысында еңбек ұжымымен ашық пікір алмасу өтіп, жұмысшылар тарапынан көтерілген ұсыныстар назарға алынды.

Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Сайлауға жеті саяси партиядан 545 кандидат ұсынылды.