Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
С.М. Жұманғаринге
Авторы – Құрылтай
депутаты Олжас Нұралдинов
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент
Касым-Жомарт Токаев салық мәселесіне ерекше тоқталды.
Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды
түзеп, кәсіпкерлерге артық салмақ түсіретін талаптарды жеңілдету үшін Үкіметке
нақты өзгерістер әзірлеуді тапсырды.
Осы тапсырмаға байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары
өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты салық кодексіне өзгерістер
енгізуді ұсынып отыр.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде өзін-өзі жұмыспен
қамтыған азаматтарға арналған жеке салық режимі енгізілді.
Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Ол адамдардың өз еңбегімен
тапқан табысын заңдастырып, салықты жеңіл тәртіппен төлеуіне және әлеуметтік
қорғау жүйесіне қатысуына мүмкіндік береді.
Дегенмен жаңа тәртіптің кейбір талаптары азаматтардың
нақты жұмыс жағдайына сай келмейді. Сондықтан оларды қайта қарау қажет деп
санаймыз.
Бірінші мәселе.
Салық кодексінің 718-бабына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен
қамтыған азамат осы режимді қолдану үшін айына 300 айлық есептік көрсеткіштен
артық табыс таппауы керек.
Алайда бұл талап туризм, құрылыс, үй жөндеу, жолаушылар
тасымалдау, аумақтарды абаттандыру сияқты маусымға тәуелді жұмыстардың
ерекшіліктерін ескермейді.
Мұндай салаларда көптеген адамдар табысын жылдың бірнеше
айында ғана табады. Мысалы, жазда тапсырыс көбейуі мүмкін, ал қыста жұмыс
азайып, кейде мүлде болмайды.
Сонда азаматтардың табысы мол маусымда көбірек жұмыс
істегісі келсе де, арнаулы салық режимінен шығып қалмау үшін табысын әдейі
шектеуге мәжбүр болады.
Мысалы, бір адам ай сайын 500 мың теңге табыс тауып,
жылына 6 миллион теңге алады. Екінші адам төрт ай бойы 1,5 миллион теңге табуы
мүмкін. Оның да жылдық табысы - 6 миллион теңге болады.
Бірақ ол айлық шектен асып кеткендіктен, бұл салық
режимін қолдана алмайды.
Осыны ескере отырып Ақ жол фракциясы айына 300 айлық
есептік көрсеткіш деген шектеудің орнына жылына 3 600 айлық есептік көрсеткіш
мөлшеріндегі шектікті белгілеуді ұсынамыз. Атап өткенде бұл өзгерту жалпы жылдық
табыс шегін өсірмейді.
Соңымен қатар, азаматтарымыздың
өз табысын шектеуіне емес, керісінше, еркін табыс табуына жағдай жасайды.
Екінші мәселе - қәзір өзін-өзі
жұмыспен қәмтийтін көптеген азаматарымыз платфомалық сервистер арқылы, жұмыс
істеп күнін көріп жүр.
Мысалы, Яндекс Go платформасының
комиссиясы кей жағдайда тапсырыс құнының 23%-ына дейін жетеді. Бұл ақшаны
платформа өзі ұстап қалады. Яғни ол сома жүргізушінің немесе жеткізушінің
қолына тимейді.
Сондықтан, азаматтың қолына
түспеген ақшаны оның табысы ретіңде есептеумыз қаншалықты дұрыс?
Біздің ұсынысымыз - платформаның
комиссиясын платформа өзі ұстасын, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтың
табысы комиссия алынғаннан кейін өзіне қалған ақша бойынша есептелсін.
Осыған орай, «Ақ жол» Демократиялық
партиясы жоғарыда көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешу
бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
О.Е. Нұралдинов
Д.М. Еспаева
Д.Х. Ахметжаев
А.Т. Қожахметов
М. Шынасилова
Е.Т. Юсупов
Ю.В. Ли
Б.С. Бибаев