Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
Е.А.Досаевқа
Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!
Қазіргі уақыттың басты міндетінің бірі экономика саласы мен кәсіпорындардың қызметін және халықтың табысын қалпына келтіру болып табылады. Пандемия індетіне қарсы күрес кезінде, өзіңіз білетіндей, ҚР Президенті Қ.Тоқаев осы бағыттағы жұмыстардың үш пакетін атап өтті, олар маңызды рөль атқарды. Бизнесті қолдаудың негізгі қадамдарында салықтық және несиелік қолдау көрсетілді, оларды іске асыруға мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, аталған іс шаралардың тиімділігіне екінші деңгейдегі банктер өздерінің несиелік саясатында міндетті бағдар санайтын ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемеге қатысты ақылға сыймайтын шешімдері нұқсан келтіретінін атап көрсетуге мәжбүрміз.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 11 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемені 9,25 тен 12% дейін шұғыл көтеруін сынға алған болатын. Біз мемлекеттік органдардың назарын мұндай шешім регулятордың циклдық қарсылық қағидасына қайшы келетініне және оның несиеленетін азаматтар мен бизнеске зор шығын тигізетініне назар аударуды сұрағанбыз. Кәсіпорындар хабарлағандай, осы шешімнің қысымымен қазіргі несие мөлшерлемелері күрт көтерілуінің «жалқытырмайтын ұсыныстарымен» келісуге мәжбүр болды. Тіпті осы жылдың 3 сәуірдегі базалық мөлшерлемені 9,5% төмендету (бұрынғы 9,25% дейін емес) несие алушыларға жеңілдік тудырмады, өйткені сол сәтте елде төтенше жағдай болды, көптеген кәсіпорындар тоқтап тұрды не өндірістік айналымдарды шектеуге мәжбүр болды, ал халық болса табысынан айырылды. Азаматтар мен бизнеске қолдауды сол сәттте регулятордың «бұлтартпасы» емес, Президенттің салық және несие төлемерін шегіндіру туралы шешімі көмектесті.
Бүгінде Ұлттық банкінің сәйкес емес базалық мөлшерлемелердің көтеруі бюджеттен қаржыландырылатын және жәрдем жасалатын жеңілдік несие көлемдерімен өтеледі. Халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі, ШОБ ауыр жағдайында, мемлекеттің зор әлеуметтік шығындары кезінде Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені (осыған байланысты ЕДБ несие мөлшерлемелеріне қатысты) дер кезінде төмендетуден бас тартуы міне төрт жыл бойы бюджет қаржатынан ШОБ қолдауға бөлінген қаржатты жылдам шайып жіберуге және азаматтар мен бизнестің жөнсіз жоғары несеиелік жүктемесінің артуына әкеліп соқтыруда.
Қазақстан бүгін кейбір Африка елдері, мысалы Судан сияқты, әлемдік пандемия және экономикалық белгісіздік жағдайында Ұлттық банкі мөлшерлемесін көтерген елдердің қысқа қатарында тұр. Өткен аптада көрші Ресейдің өзі (банк саясаты қатал консерваторлығымен ерекшеленетін ел) сәуірден бері екі мәрте негізгі мөлшерлемесін 6%-ға енді 4,5%-ға дейін төмендетті. ЕҚЫҰ факторын ескерек, банк саясатындағы мұндай алшақтық Қазақстан қаржысының отандық банктерге ғана емес, сонымен бірге көрші Ресей банктеріне ағылуына жағдай туғызуы мүмкін.
Қазір басты міндеттердің бірі болып азаматтардың табысын және отандық кәсіпорындардың өндірістік айналымын қалпына келтіру болып табылады. Жоғары несиелік мөлшерлемелер қазіргі қауіп-қатерге қарсы тұра алмайды.
Дағдарыс басталғаннан бері Республика Парламентіндегі «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы осымен үшінші мәрте (ағымдағы жылдың 11 наурызы, 5 сәуірі және 29 сәуір күндері) ҚР Ұлттық банкіне базалық мөлшерлемені төмендету қажеттігі туралы депутаттық сауалдар жолдады. Біздің барлық сауалдарамызға біз дәлелдері жеткіліксіз жауаптар алдық.
Осыған байланысты, тағы, төртінші рет, ҚР Ұлттық банкіне базалық мөлшерлемені 4-5% дейін төмендетуді және экономиканы қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуді бұлтартпай орындауды сұраймыз.
Құрметпен,
Партия төрағасы
А.Перуашев