24
Ақпан

«XXI ғасырдағы алаштың ақ жолы»кітабының тұсаукесері өтті - Казак унi (Алматы)

 
Абай атындағы кітапханада «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» кітабының тұсаукесері үйымдастырылды.
Бұл басылымға 2013 жылы «Алаш» қозғалысының 96 жылдығына орай, «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қолдауымен өткізілген «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің баяндамалары және басқа да Алаш тақырыбына қатысты түрлі мәліметтер мен көптеген мақалалар енгізілген. Әрбір мақала, әрбір баяндама Алаш арыстарының өмірі мен қызметі, жүріп өткен жолдары жайында жазылып, нақты деректерге негізделген. Тұсаукесер рәсімінде сөйлеген шешендер кітаптың басты құндылығын да осы тұстан көріп, жоғары бағалады.
Кітапты құрастырушы «Ақ жол» КДП Орталық аппаратының идеология бөлімінің директоры, алаштанушы Айдын Рысбекұлы. Шара барысында абайтанушы Т.Ибрагимов пен ғалым М.Мұхамадиев Алаш туралы, Алаштың қайраткерлері туралы өз ойларын ортаға салды. Бұдан кейін жас ақындар өздерінің жыр шашуын Алаш қайраткерлеріне арнады. Тұсаукесер-шараға астаналық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, бірқатар мекемелер мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 7 (666), 17.02.2015