17
Маусым

Кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясы қатарына қосылды

17 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласында өткен қоғамдық қабылдау барысында екі кәсіпкер — Мелдебеков Болат пен Мырзабаев Адилхан «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының қатарына ресми түрде қабылданды.

Іс-шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы қатысып, тұрғындарға партияның негізгі қызмет бағыттары мен ұстанымдары жөнінде түсіндірме берді. Ол жаңадан қосылған кәсіпкерлерге партиялық билет табыстап, олардың ел игілігі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Жиын барысында кәсіпкерлік саласындағы түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жаңа мүшелер партия жұмысына белсене араласуға ниетті екендерін білдіріп, алдағы уақытта қоғам игілігі үшін бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.