15
Сәуір

15.04.2026

Жол саласын дамыту бойынша

ҚР Көлік министрі

Н.Е. Сауранбаевқа


«Ақ жол», отандық бизнестің, әсіресе өндірістік сектордың мүдделерін қорғайтын партия ретінде, еліміздегі жол саласында отандық ғылыми әзірлемелер мен өндіріс бола тұра, іс жүзінде материалдардың шетелдік аналогтарын кеңінен пайдалану практикасына алаңдаушылығық білдіреді.

Ашық деректерде, сондай-ақ салалық сарапшылардың бағамынша, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жобаларында қазақстандық ғылыми-техникалық шешімдерді енгізуді шектейтін жүйелік факторлар бар екендігін айқындап отыр. Атап айтсақ, жол жобаларын жүзеге асыру кезінде, көбіне АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Ресей өндірісінің жол-химия материалдары қолданылуда.

Қалыптасқан тәжірибе, қомақты бюджет қаражатының шетелге кетуіне және шетелдік ғылым мен өнеркәсіпті жанама түрде қаржыландыруға алып келеді. Бұл, ұлттық экономика мен технологиялық егемендікті дамыту саясатына қайшы келіп отыр.

Еліміздің осы саласында өзіндік ғылыми-өндірістік потенциал қалыптасқан.  Атап айтсақ, салалық КаздорНИИ, сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми-инженерлік орталықтарында: Жол құрылысы, материалтану және көлік инфрақұрылымы саласында әзірлемелер сәтті жүргізілуде.

Ғылыми орталықтармен қатар, елімізде Қазақстанның климаттық жағдайлары мен шикізат базасына бейімделген реагенттер жасайтын отандық компаниялар «GEODOR», «НТС-Қазақстан», «NewRoadTech», «ARGP», «Қазреагент» кәсіпорындары жұмыс істейді.

Мәселе, тек жеке субъектілер туралы ғана емес, біз жалпы отандық жол ғылымы мен инженерия саласын қолдау қажеттілігін көтеріп отырмыз.

Мұндай преференция өндірісті дамытуға, инновация енгізуге және экономикалық тиімді шешімдер шығаруға оң ықпал ететіні анық.

Алайда, сарапшылар мен нарық қатысушыларының айтуынша, тапсырыс берушілер тарапынан, мердігерлерді импорттық материалдарды қолдануға мәжбүрлейтін жағымсыз үрдіс көп кездеседі. Бұл, өздеріне керекті шешімдерді қабылдау үшін, техникалық сипаттамаларды әзірлеу кезінде, артық талаптарды белгілеу немесе өзге шектеулер қою арқылы көрініс тауып отыр.

Мұндай тәсілдер жосықсыз бәсекелестік тәуекелдерін тудырады және салыстырмалы баламалар бола тұра, отандық әзірлемелерді ішкі нарықтан ығыстыруға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, ұлттық ғылым мен өнеркәсіптің дамуы төмендейді, ал бюджет қаражаты негізінен шетелдік өндірушілерді қолдауға кетеді.

Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев, отандық өндірісті дамыту, экономикаға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу және импортқа тәуелділікті төмендету қажеттігін басып айтқан болатын.

 

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы:

1. Соңғы үш жылда жол саласындағы жобаларды жүзеге асыру кезінде, отандық материалдарды, оның ішінде: полимерлі түрлендіруші, тұрақтандырушы, адгезиялық қоспаларды, геотекстильді, жарықтандыру аспаптарын қолдану үлесі туралы толық ақпарат беруді;

2. Жол құрылысында қолданылатын материалдар мен технологияларды іріктеудің критерийлері мен рәсімдерін, сондай-ақ отандық әзірлемелерді қолдауға және оларды басымдықпен пайдалануға бағытталған шаралар жөнінде баяндауды;

3. Ашық деректерде жарияланған, мердігер ұйымдарға нақты (оның ішінде импорттық) материалдарды қолдануға мәжбүрлеу фактілеріне құқықтық баға беруді сұрайды.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

С.Ерубаев

А.Перуашев,

Д.Еспаева,

Е.Барлыбаев,

Қ.Иса,

О.Нұралдинов.