01
Қазан

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ақ жол» партиясы қарияларға құттықтау білдірді

1 қазан 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы дәстүр бойынша елордадағы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы қарияларға құттықтау білдірді.

Мерекеге орай оларға азық-түлік себеттері табысталды. Бұл игі шара филиалдың жақсы дәстүріне айналып, жыл сайын өткізіледі және аға буынға қамқорлық пен алғыс білдірудің маңыздылығын еске салады.