31 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылдың 31 мамыр күні “Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық Мәслихат
депутаты Асқар Бисқұлтанов, Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман
Жұмаділов, «Ақ жол» партиясы Жастар кеңесінің төрағасы Ханзадилла Насурллаев
1931-1933 жылдары ашаршылықтан құрбан болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын
қою рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімде жаңадан тағайындалған Алматы қаласының әкімі Дархан
Сатыбалдының және “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық Мәслихат депутаты Асқар
Қуандықұлымен ресми танысу өтті.
Тарихқа сүйенсек, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың
адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А.
Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С.
Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт
зиялылары бар.
1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған
болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақ халқы үшін айрықша
маңызға ие. Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған
адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат
етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну - бүгінгі ұрпақ парызы.

