20
Маусым

№405 Авиажөндеу зауытының базасында көшпелі отырыс өтті

20 маусым 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

ҚДП "Ақ жол" депутаты ретінде, Алматы қаласы мәслихатының экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының  мүшелерімен бірге, №405 Авиажөндеу зауытының базасында көшпелі отырыс өткіздік.

Кездесу барысында Ми-8/17 және Ка-32А11ВС үлгісіндегі тікұшақтарға техникалық қызмет көрсететін және күрделі жөндеу жүргізетін зауыттың өндірістік үдерістерімен таныстық.

1939 жылы құрылған кәсіпорын бір мезетте 20 тікұшаққа дейін қызмет көрсете алады. Зауыт Алматы халықаралық әуежайының жанында орналасқан, жалпы аумағы – 70 000 м², өндірістік нысандар – 18 000 м².

Біз қаламыздың жедел әрекет ету жүйелерімен және тасымалданатын тікұшақ алаңдарымен қамтамасыз ету бойынша зауыттың ұсыныстарын қарастырдық және жұмысқа қабылдадық.