https://t.me/peruash/381
Кеше Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми зерттеу институтының ұжымымен кездесіп, ТЖ және карантин кезінде инфекция және жансақтау бөлімдерінде жұмыс істеген бір топ дәрігерлер мен медбикелерге "Ақ жол" демпартиясының "COVID-19-бен жанқиярлық күресі үшін" төсбелгісін тапсырдым.
Осы бөлімнің медқызметкерлері 240-тан адамды ажал тырнағынан арашалап қалды. Өкінішке қарай, 6-ы емделуші көз жұмды. Қызметкерлер екі ай бойы үй көрмей, өзгенің өмірін сақтау үшін өз балаларынан жырақта болды. Көпшілігі өздері де ауырып шықты. 8 сағаттық жұмыс күнінің орнына тәулік бойы (!) аурумен алысты. Бірақ, осы күнге дейін артық жұмыс істеген уақыттарына қосымша ақы алмаған. Тіпті CK-Фармация аталған мекемеден карантин кезінде алған дәрі-дәрмекке (орталық жекеменшік медмекеме болғаны үшін) ақша төлеуді талап етіп отыр. Бұған қатысты құжаттарды маған тапсыруларын сұрадым. Мәселенің мән-жайын анықтаймыз.
Партия мен әріптестерімнің атынан ақ халатты абзал жандарды ерен еңбектері үшін алғыс айтып, кәсіби мерекелері- Уролог күнімен құттықтап, емделушілердің аз болуын тіледім.