Бір күн бұрын Маңғыстаудың барлық қалалары мен аудандарының медицина қызметкерлерімен кездестім. Кездесуге дәрігерлер (реаниматологтар, инфекционистер, эпидемиологтар, терапевтер, пульмонологтар), сондай-ақ медбикелер, ауылдық фельдшерлер қатысты.
COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайды, оны еңсеру бойынша қажетті шараларды талқыладық. Вакцина алудың ел бойынша ең төменгі қарқыны осы аймақта байқалады.
Дәрігерлер вакцинациядан белсенді түрде бас тартуды жергілікті менталитеттің ерекшеліктерімен, діни ағымдардың әсерімен, мемлекеттік органдардың түсіндіру жұмыстарының әлсіздігімен байланыстырады. Сонымен қатар, дәрігерлердің өздері саналы көзқарастың қажеттілігін, ағзаның жеке ерекшеліктерін, препаратқа аллергия немесе жақында ғана ауырып шыққан жағдайларды ескеру керек екенін айтады.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар пациенттердің туыстары қажетті дәрі-дәрмектерді өздері табуға және сатып алуға мәжбүр болған кезде белгілі бір антиковидті препараттарды жеткізу бойынша да мәселенің бар екенін растады.
Дәрігерлердің пікірін ескермей медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алудың тиімсіздігі туралы мәселе қозғалды. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының реанимациялық бөлімшесінің меңгерушісі өздеріне қымбат, бірақ қазіргі таңда қажетті емес ӨЖЖ аппараттары жеткізу фактілерін сынға алды. Осы ретте жоғары ағынды оттегі концентраторларының жетіспеушілігі байқалады, бұл пациенттерді емдеуде анағұрлым табысты және кеңінен қолдануға болатын қажетті аппарат.
Алыс ауыл фельдшері сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде қосымша бірліктермен, эпидемиолог-дәрігерлерді қоса алғанда, ауылдық ФАП-тарды (фельдшерлік-акушерлік пункттер) күшейтуді сұрады. Бір фельдшерге 5-7 мың тұрғынға тәулік бойы қызмет көрсету өте қиын, онда бір уақытта ондаған адам коронавируспен ауырады, ине салады, массаж жасайды, ПТР сынақтарын алады және алып кетеді, сонымен бірге басқа аурулары бар науқастарды емдейді, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді бақылайды және т.б.
Дәрігерлер үкімет ковидпен ауырған науқастармен жұмыс істегені үшін сыйақыны екі есе азайтады, ал, күзде оны мүлдем тоқтатады деген хабарға наразы «Бүгінде санитарлар мен медбикелердің бос орындары көп. Егер сыйақыны алып тастаса, қалған қызметкерлер де тарап кете ме деп қорқамын. Өйткені, аурумен күрестегі бірінші соққыны дәл осы қызметкерлер алады, олар да ауру жұқтырып, тіпті бірнеше әріптесімізден айырылып қалдық», - дейді дәрігерлердің бірі.
Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап COVID-19-бен ауырған медицина қызметкерлеріне төлемдерді қайтаруды, осы сыйақының орнына басқа жеңілдікті енгізуді талап еткенін айттым.
Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша қажетті ақпарат жинақталып, Үкіметке ұсыныстар енгізетін боламыз.
Кездесу соңында ақ халатты абзал жандарға олардың ерлігі мен парызына адалдығы үшін алғыс білдірдім. Партия президиумының атынан бір топ медицина қызметкерлеріне «COVID-19-бен жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісін табыстадым.