Премьер-министр
О.Бектеновке
және бірқатар қалалары мен облыстардың әкімдеріне
Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде «Ақ жол» фракциясы цифрландыру бойынша
жобалардың баға белгілеуіндегі ашықтығына қатысты Үкімет пен облыс, қала
әкімдеріне депутаттық сауал жолдады.
Біз мысал ретінде Павлодар облысындағы «Қауіпсіз қала» жобасын келтірдік,
оның есеп айырысулары 9,3 миллиард теңгені құрады.
Соған қарамастан, негізгі құжаттар жоқ: техникалық сипаттама, тізімді смета, жабдықтар тізімі; оның сипаттамасы, құнының калькуляциясы.
Алайда, тура жауап берудің орнына, Үкімет депутаттардың өздеріне құжаттарды
мемлекеттік сатып алу порталы арқылы іздеп-табуды ұсынды. Бірақ, порталда
негізгі құжаттар: техникалық сипаттамалар, егжей-тегжейлі смета, жабдықтар
тізімдері, оның сипаттамалары, шығындар калькуляциясы мен аудит нәтижелері жоқ.
Барлық ақпарат жалпыға қолжетімді екендігі туралы мәлімдеме шындыққа сай
келмейді. Оған қоса, Үкіметтің жауабында аудит туралы бір ауыз сөз айтылмаған.
Қала және облыс әкімдерінің ішінде екі айдан астам уақыт ішінде 1 миллиард
теңгеден асатын IT-жобаларын іске асыру туралы сұраққа тек сегіз аймақ жауап
берді:
Астана және Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда,
Түркістан, Ақмола және Абай облыстары.
Алматы және Шымкент қалаларының, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды және
Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары және
Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері депутаттық сауалға әлі жауап берген
жоқ.
Шамасы, бұл өңірлерде цифрландыру шығындарының артында жасырылған бірдеңелері бар боп, соны негіздеп көрсете алмай отырған болар. «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 4-тармағында лауазымды тұлғалар депутаттардың сауалдарына жауап беруге міндетті деп жазылса да, заңды белшесінен басып жұмған ауыздарын ашпай отыруларын басқаша қалай түсіндіруге болады.
«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, оны Президент Қ.Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын өрескел бұзу деп санайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» парламенттік фракциясы:
1.Фракциямыздың биылғы жылдың 17 қыркүйегіндегі депутаттық сауалында
цифрландыру жобаларының баға белгілеуіндегі ашықтықтың болмауына қатысты
қойылған сұрақтарға толық және жан-жақты жауаптар беріп, барлық сұралған
құжаттар мен материалдарды қоса жолдауды талап етеді.
2.Депутаттық сауалды орындамағаны және сұралған деректерді жасырғаны үшін
жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
О.Нуралдинов
А.Перуашев
Д.Еспаева
К.Иса
Е.Барлыбаев
С.Ерубаев