Жұма күні сыртқы экономикалық саудаға қатысушылардың өтінішімен тағы да Алматы облысындағы "Нұрлы жол" кеден бекетінде болдым. Жазда мұнда 50 шақырымға созылған 2,5 мың көлік кептелісі болды. Кәсіпкерлер 2-3 ай қозғалыссыз тұрғандарына, ал, кейбір көліктердің кезексіз, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен өтіп жатқанына наразылық танытқан. Сол кезде меморгандар мәселені шешуге уәде берген. Шынымен де “Сухой порт” бекетте 500-600 көлік қалыпты. Бірақ, бұл жерде де кезегін 80 күннен артық күтіп жатқан жүргізушілер бар. Мұнда биодәретханалар алынып, жүргізушілер кабинада тұрып жатыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, оларға азық-түлік жеткізу үшін күніне 30 мың теңге төлеулері қажет. Электрондық кезек енгізілген, бірақ, оның жұмысы ашық емес. Әркім смартфон арқылы өзінің нөмірін ғана көреді де оның ар жағында не болып жатқанын білмейді. Осыған байланысты кезекке деген сенімсіздік пайда болады, яғни, кейбір көліктер апта сайын өтіп жатса, басқалары айлап кезек күтуге мәжбүр.
Жүргізушілер барлық қозғалыс көз алдарында болатын жолдағы кезекті қайтаруды талап етуде. Ашық және түсінікті ақпарат қажет- әсіресе, тәртіптеме бойынша жаңарып тұратын, барлығына қол жетімді кезектің толық тізімі. Тіпті, ол порттағы үлкен монитордан барлығына бірдей көрініп тұруы мүмкін.
Кезекте тұрған көптеген көліктерге экспорттық тауарлар (күнбағыс майы, минералды су және басқалары) тиелген және олардың жеткізу мерзімі бітіп барады.
Сондай-ақ, СВХ қоймасында болып, кеден бекеттері арасында қысқа уақытта Қытайға жөнелтілетін тауарлар тиеу ұйымдастырылғанын көрдік.
Үкіметке сауал дайындаймыз.