2026 жылғы 28 ақпанда «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық
бірлестігінің Абай облыстық филиалында есеп беру-сайлау конференциясы
өткізілді.
Конференцияға орталық аппараттан партияның
мәслихаттармен жұмыс жөніндегі Ұлттық кеңес хатшысы, фракция аппаратының
басшысы Берік Сәлімжанұлы Дүйсембинов, партияның орталық аппаратының жетекшісі
Асылхан Төлепбергенұлы Қожахметов және сайланған делегаттар қатысты.
Конференция жұмысы бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізілді. Делегаттар күн
тәртібі мен регламентті ашық дауыс беру арқылы бекітті. Күн тәртібіне келесі
мәселелер енгізілді:
– Абай облыстық филиалының есебі;
– филиал кеңесінің мүшелерін бекіту;
– филиал төрағасын сайлау;
.jpeg)
Бірінші мәселе бойынша филиал төрағасының міндетін атқарушы Иманжапар Мұрат
Тілегенұлы есеп берді. Сонымен қатар партияның орталық аппаратының жетекшісі
Асылхан Қожахметов сөз сөйледі.
Екінші мәселе аясында облыстық филиал кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Ұсынылған кандидатуралар делегаттардың ашық дауыс беруімен қолдау тапты .
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша делегаттардың шешімімен Абай облыстық филиалының төрағасы болып Айдос Серікқалиұлы сайланды.
Айдос Серікқалиұлы – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының VI шақырылым депутаты, «AS Mansur Team» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Горэнергострой» ЖШС директорыныңорынбасары әрі «ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС байқаушылар кеңесінің мүшесі.
Конференция барысында партия қатарына жаңамүшелер қабылданып, партия
билеттерітабысталды. Сонымен қатар партия қызметінебелсенді қатысып жүрген
азаматтарды марапаттау мәселесі қаралды. Конференцияда қаралған барлық
мәселелер ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Күн тәртібі толық орындалып,
конференция өз жұмысын аяқтады.
.jpeg)