15
Қазан

"Ақ жол" демократиялық партиясының орталық кеңсесінде Әділет вице-министрі Наталья Панның қатысуымен "Сайлау туралы" заң жобасына толықтырулар енгізу бойынша талқылау өтті

https://t.me/peruash/3186

"Ақ жол" демократиялық партиясының орталық кеңсесінде Әділет вице-министрі Наталья Панның қатысуымен "Сайлау туралы" заң жобасына толықтырулар енгізу бойынша талқылау өткіздік.
Наталья Виссарионовна Президенттің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі әзірлеген өзгерістер туралы хабарлады. Соның ішінде, Мәжіліс пен маслихатқа кандидаттардың партиялық тізімін құраудағы 30 пайыздық квотаның жастар мен әйелдерге, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты қолданыс аясы туралы; бұл квоталардың кандидаттарды ұсыну кезінде ғана емес, депутаттық мандаттарды анықтау кезінде де қолдану туралы мәселелер қаралды.

Жалпы, бұл нормаларды қолдай отырып, біз бұған дейін Әділет министрлігіне дайындалып жатқан заң жобасына қатысты ұсыныстар кестесін жіберген болатынбыз.
«Ақ жол» демократиялық партиясының ұсыныстары тұтастай алғанда сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және «Сайлау туралы» заңға алдыңғы түзетулерді енгізу кезінде туындаған түйткілді мәселелерді жоюға бағытталған.

Атап айтқанда, біздің ұсыныстарымыз төмендегідей:
⁃ Сайлау комиссиялары санақты жүргізген кезде әрбір бюллетеньдегі белгілер танылатындай, дауыс беру мен дауыстарды санау барысын бейнебақылауды енгізу;

⁃ Сайлау нәтижесі мен орын алған заңбұзушылықтарды даулау үшін дауыс беру мен дауыстарды санаудың толық бейнежазбаларын Орталық сайлау комиссиясының бір серверінде жинақтау;
⁃ Немесе бұл процесстерді ғаламторда, on-line режимде трансляциялау.
⁃ Егер саяси партиялардың ресми өкілдеріне бейнебақылау камераларын орнату үшін тиісті орын бөліп, оларға бейнебақылау жүргізу құқығы берілсе, бюджет шығындарын болдырмауға болады деп ойлаймыз.

⁃ Пакетте сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да ұсыныстар бар.

Алдыңғы өзгерістерді жүзеге асыру кезінде туындаған түйткілді мәселелерді шешу тұрғысынан мынандай ұсыныстар жасалды:

⁃ Партиялық тізімдерде әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кандидаттар ретінде тіркеуліне қатысты жайтқа түсініктеме беру. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәслихат сайлауында тәжірибеге сүйенсек, аумақтық сайлау комиссиялары (АСК) партиялық тізімдерде екі санаттың (әйелдердің де, жастардың да) болуын талап етті; Мысалы, ауылдық жерлерде 2-3 кандидаттан тұратын партиялық тізімді ұсыну кезінде оған жастарды да, әйелдерді де қосу қажеттілігі секілді жағдайлар туындаған болатын (тіпті егер кандидат жас қыз болса да, АСК екінші кандидаттың болуын талап еттті, себебі, заңда екі санат туралы айтылған), ал олардың үлесі 30%-ға жету үшін тізімді жасанды түрде 6 немесе одан да көп адамға дейін кеңейту керек болды. Бұл ретте әрбір кандидат үшін тіркеу жарнасы төленуі тиіс, басқа процедуралар сақталуы тиіс.

⁃ Осыған байланысты, аталмыш квотаны әйелдер, жастар немесе мүгедектігі бар азаматтардан құралған кандидаттармен толтыру мәселесін партиялардың өз қалауы бойынша қалдыру дұрыс деп санаймыз. Себебі, жергілікті мәслихаттарға келетін болсақ, онда кандидаттардың тізімі тым үлкен емес және мандаттар бөлінуінің шамадан тыс қадағалануы саяси процесс үшін әрқашан нәтижелі бола бермейді.

⁃ Тағы бір мәседе, бұл квотаны парламенттік оппозиция партияларының үлесі 1-2 депутаттан ғана тұратын аудандық және қалалық мәслихаттарды қоспағанда, тек Мәжіліс пен облыстық мәслихаттары сайлауына ғана қолдану, себебі, мұндай мөлшерден 30% бөлу мүмкін емес.

⁃ «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін биылғы жазда өткен ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауындағы тәжірибе одан да маңызды болып шықты. Биылғы жылдың көктемінде сайлау заңнамасына осы мәселе бойынша түзетулерді ұсынған кезде, мемлекеттік органдар бұдан былай кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі болуына қатысты қойылатын талапты алып тастайтындарын мәлімдеді. Оның орнына кәсіпорынды басқарудың ұқсас тәжірибесі жеткілікті болады. Мәжілісте заңды талқылаған кезде, әзірлеушілер аталған кедергінің нормативтік құқықтық актілерде болғанын және сол жерде ол күшін жоятынын мәлімдеген еді.

⁃ Алайда, биылғы жылдың жазында «Ақ жол» демократиялық партиясы ауылдық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне 140 кандидат ұсынған кезде, мемлекеттік қызмет өтілінің болмауына байланысты кәсіпкерлер арасынан біздің партияның 81 кандидатын тіркеуден бас тартылды. Өз елді мекендерінде ондаған, тіпті, жүздеген отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ететін адамдар бюрократиялық ойындардың кесірінен сол ауылдар мен қалаларды басқаруға «лайықсыз» деп танылғаны, парадок, әрине. Тіпті кандидаттарды ұсыну кезінде және АСК-тың тіркеуден бірінші рет бас тартулары кезінде мен Орталық сайлау комиссиясына мәселені шешуді талап етіп жүгіндім, оған жауап ретінде олар біздің талаптың Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне жіберілгенін айтты. Жалпы, мемлекеттік органдармен хат алмасу 16 тамызға дейін созылды; сайлау 25 шілдеде өтті. Нәтижесінде «Сайлау туралы» заңға енгізілген өзгерістерді таныстыру кезінде айтылған мәлімдемелерге қарамастан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан әкімдікке кандидаттардың 60%-ай сайлауға жіберілмеді.
⁃ Осыған байланысты біз Әділет министрлігіне мемлекеттік қызмет өтілі жоқ, бірақ жеке кәсіпорындарды басқаруда ұқсас тәжірибесі бар кандидаттардың әкімдер сайлауына жіберу нормасын тікелей «Сайлау туралы» заңға енгізуді ұсындық.

⁃ Талқылауға (бейнеконференция арқылы) «Ақ жол» демократиялық партиясынан Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ партияның облыстық филиалдарының басшылары қатысты. Әріптестеріміз Н.Панға сайлау заңнамасын іс жүзінде қолдану мәселелері мен оған тілектерін жеткізді. Мұндай ұсыныстар Мейраш Шынасилова (Алматы облысы), Серік Мерғалиев (Батыс Қазақстан облысы), Асан Қошмамбетов (Жамбыл облысы), Махабат Жұтаев (Қостанай облысы), Абзал Салықбаев (Түркістан облысы), Евгений Кинцель (Солтүстік Қазақстан облысы) , сондай-ақ, Қарағанды облысы, Алматы, Шымкент және басқа облыстардан келген әріптестер тарапынан айтылды.

Наталья Пан бұл жағдайда Әділет министрлігінің заң жобасы Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сайлану құқығын іске асыру жөніндегі бастамасын орындауға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте «Ақ жол» демократиялық партиясы басшылығының дауыс беру процесін бейнебақылау мен дауыстарды санауға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет өтілі жоқ кәсіпкерлердің ауылдар мен қалалардың әкімдері болып сайлану құқықтарына байланысты бірқатар ұсыныстарын Әділет вице-министрі назар аударуға лайық деп атады. Және бұл өте орынды, өйткені бұл ұсыныстар біздің сайлау науқандарындағы тәжірибемізден туындады.

Егер Әділет министрлігі заң жобасын әзірлеудің қазіргі кезеңінде біздің ұсыныстарымызды ескеруді мүмкін деп есептемесе, оларды фракция депутаттары аталған құжаттың Мәжіліске түскен кезінде енгізілетіндігін вице-министрге жеткіздім.