10
Қазан

«Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

10 қазан 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Қазанның 10-ы күні өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық конференциясында филиал төрағасы болып «QAZ Gold BK» ЖШС директоры Қанапия Бохаев сайланды.

Қанапия Бохаев 1970 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тумасы.

Жоғары білімі бар, мамандығы – экономист, эколог.

Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметте еңбек еткен, 2017 жылдан бастап – металл кендерін геологиялық барлау саласындағы жеке бизнесте.

Қоғамдық қызметпен белсенді айналысады, өңірде зор беделге ие.