17
Қыркүйек

“Ақ жол” демпартияның Алматы қалалық филиалы Аньхой провинцияның бизнес делагациясын қабылдады

17 қыркүйек 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

“Ақ жол” демпартиясының Алматы қалалық филиалы  Қытай Халық Республакасының Аньхой провинциясынан келген:

1. ЧУ ЧЕНХАО — Аньхой провинциясының сауда бюросы, бірінші дәрежелі зерттеуші.

2. ЦЗЯН ЦЫЦЯН — Аньхой провинциясының сауда бюросы, бірінші дәрежелі аға қызметкер.

3. ЧЭ МИН — Аньхой провинциясының импорт және экспорт бойынша сауда палатасы, директор.

4. ВАН ЦЗИНЖИН — Аньхой провинциясының HALIXI халықаралық көрме тобы, директормен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде Алматы қалалық филиалы төраға орынбасары Ханза Насурллаев Алматы қаласының бизнес климаты жайлы ақпаратпен бөлісті.

Дәлірек айтсақ, Қытай инвесторларының елдің өндіру секторына қосқан орасан үлесін ескере отырып, Ханза Насурлаев «Ақ жол» партиясының қайта өңдеу және технологиялық салаларға көбірек көңіл бөлу жөніндегі ұстанымын атап өтті.

Өз кезегінде Чу Ченхао Аньхой провинциясының экономикасының ерекшеліктері мен Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды талқылады. Провинцияның жоғары дамыған машина жасау саласы бар және бүкіл Қытайда жетекші орын алады. Қытай делегациясы сондай-ақ Алматы қаласының инвестициялық саясаты және жергілікті кәсіпкерлермен серіктестіктің шарттары жайлы қызығушылық білдерді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап екі елдің кәсіпкерлерін қолдау мен ынтымақтастығын одан әрі арттыруға келісті.