2026 жылғы 2 шілдеде Алматы қаласында Асқар
Қуандықұлының төрағалығымен «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық
филиалының конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – 5 шілдеде Астана
қаласында өтетін «Ақ жол» демократиялық партиясының V съезіне қатысатын
делегаттарды бекіту болды. Конференция барысында «Ақ жол» партиясының Алматы
қалалық филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтанов жиналғандарды жаңа Конституцияның
қабылдануымен құттықтап, «Ақ жол» демократиялық партиясының ресми мәлімдемесін жариялады.
Конференция қорытындысы бойынша съезге қатысатын дауыс беруші делегаттардың
тізімі бірауыздан бекітілді:
1. Ерлан Хайланұлы
Барлыбаев
2. Олжас Елтайұлы
Нуралдинов
3. Аскар Кұандықұлы Бискультанов
4. Аскат Рахимжанұлы Кабашев
5. Азамат Жеткенович Киялбаев
6. Оксана Александровна Сорокина
7. Ханза Зейнуллаұлы Насурллаев
8. Дильназ Азизқызы
9. Чингиз Сакаевич Шашкин
10. Константин Николаевич Логутов
11. Ержан Алмабекұлы Бейсембаев
12. Сакен Сатвалдиевич Сартбаев
13. Айбек Ерболатұлы Сатылганов
Сондай-ақ, Конференцияда Кеңес мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалы белсенділерінің қатысуымен «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің шешімімен Данияр Бектановқа баланы құтқарғаны үшін «Адам құтқарғаны үшін» медалі табысталды. Маусым айының басында Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінде Данияр Бектанов бір жарым жасар баласына көмек сұрап айқайлаған ананың даусын естиді. Сәбидің дене қызуы көтеріліп, құрысу (судорога) ұстамасы басталғандықтан, оның тыныс алуы қиындаған еді. Данияр Бектанов еш ойланбастан алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізді. Оның ерлігі мен батылдығын бағалай отырып, партияның Алматы қалалық филиалы Данияр Бектановты «Адам құтқарғаны үшін» марапатына ұсынды. Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясы атынан Алматы қалалық филиалының ұжымы қаһарманға 500 000 теңгелік сертификат табысталды.
Бұған қоса, «Ақ жол» демократиялық партиясының
Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтанов «Ақ жол» партиясының
Алматы қалалық Мәслихат депутаты, «Tas Group» холдингі мен «AssylTas» қоғамдық
қорының негізін қалаушы Дұлат Тәстекеевке жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі
референдумға дайындық жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын салтанатты түрде
табыс етті.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)