30
Шілде

«Ақ жол» демпартиясының кезекті практикалық нәтижесі - үй жанындағы тегін тұрақ!

Бүгін Алматы мәслихаты қала тұрғындарына үйлері жанынан тегін тұрақ орындарын беру туралы шешім қабылдады (https://t.me/bessimptomno/35790). 

Еске салайық, бұл талапты 2025 жылдың 19 қарашасында  «Ақ жол» фракциясы атынан Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов көтерген болатын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/almat-men-astana-alalarnda-al-tratar-zhjesn-zmetndeg-tjtklder-tural). 

Өз сауалында ол ықшам аудандарда ақылы тұрақтардың пайда болуын сынға алып, тұрғындарға мекенжайлары бойынша тегін тұрақтар беруілуі керектігін атап өтті: «Тұрғындар өз үйлері алдындағы тұрақ үшін ақы төлеуге мәжбүр. Нәтижесінде мыңдаған қазақстандықтар үшін бұл қосымша шығынға айналуда», - делінген сауалда.

Одан кейін, мұндай ұсынысты Алматы мәслихатында «Ақ жол» демпартиясының депутаты Асқар Бискультанов та жасаған болатын.

Қабылданған шешім «Ақ жол» демпартиясының азаматтардың құқықтарын қорғау мен өз саяси бағдарламасын орындау бойынша практикалық жұмысын тағы да бір айғақтайды.

Біреу бос ұрандар тастаса, «Ақ жол» - нақты мәселелерді шешумен айналысады.