Сондай-ақ, кеше Қарағандада кәсіпкерлермен
кездесіп, азаматтарға қабылдау өткіздім.
Кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінде айтылған тәсілдерге, жалпы алғанда заңнаманың
тұрақсыздығына алаңдаулы. Бизнесті реттеудегі жиі өзгеріс жұмысты жоспарлауға
әсер етеді.
Ал шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар үшін кодекс ұсынатын жеңілдік пен
артықшылық сұрақ туғызады. Олар шетелдік және отандық бизнеске бірдей жағдай
жасауды сұрады.
Мәселені зерттейміз.
Сонымен қатар, заңсыз активтерді қайтару жұмысының құпиялығы шенеуніктерге
олигополиямен ешқандай байланысы жоқ кәсіпкерлерден адал жолмен сатып алынған
нысандарды тәркілеуге мүмкіндік береді. Бұл бизнесті шатастырып, адал
инвестицияларды қорғаусыз қалдырады.
Сондай-ақ тау-кен өндірісіндегі геологиялық барлау және стартап жобаларын
қолдау, белгілі банктермен еншілес кейбір қатысушылар тарапынан туристік
саладағы жосықсыз бәсеке және т.б. мәселе қозғалды.
Азаматтармен жеке қабылдауда міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің тиімсіз
жұмысы, соның салдарынан маманданған медицина мамандарының қысқаруы мен
тапшылығы мәселесі көтерілді. «Қарағанды су» кәсіпорнының қызметкерлері
кәсіпорынның тұрақты табысына қарамастан, қалалық су арнасында жарамды
техниканың жоқтығын әрә басшылықтың қажетті құрал-жабдықтарды алуға
құлықсыздығын айтты.
Домофон компаниясының басшысы кіреберіс домофондарын орнату, қызмет көрсету
және төлеу тәртібін реттеуді сұрады. КСК-дан ОСИ-ға көшудің ұзаққа созылған
реформасына байланысты тұрғын үй қорын басқаруда түсінбеушілік бар деп
есептейді ол.
Жас мамандардың заңгерлері «Қаржы орталығы» АҚ-ның жас мамандарға (олардың
дерегі бойынша 50 мыңға жуық адам) «Серпін» бағдарламасы бойынша «жұмыс
істемегені» үшін (солтүстік өңірлерде түлектерді жұмысқа орналастыруға
байланысты) негізсіз талабын жариялағын айтты.
Заңгерлердің айтуынша, бұл өңірлер түлектердің мамандығы бойынша бос жұмыс
орындарын бермеген, соның салдарынан жастар тұрғылықты жері бойынша жұмысқа
кіруге, соның ішінде өз шағын бизнестерін құруға мәжбүр болған. Бірақ оларды
миллиондаған соммен және жұмысты жоспарлаудағы сәтсіздігі үшін айыппұлмен
жазалау өте әділетсіз.
Сондай-ақ ауылшаруашылық техникасына бағаның қымбаттауы әрі сонымен байланысты
қайта өңдеу; АЭС салу бойынша күтетін референдум және т.б. мәселе көтерілді.
Сонымен қатар, жергілікті журналистер Костенко шахтасында (өткен жылдың қараша
айында) қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көмек көрсету үшін кәсіпкерлер бөлген
200 миллион теңгенің «жоғалып кетуі» тақырыбын көтергенін айта кеткен жөн. Бұл
әңгімені мына жерден көруге болады:
https://www.instagram.com/reel/C-ICWUTtU6n/?igsh=NzRqcGQxeDhpZ2ox