Бүгін сағат 10:00-де «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесіне келіп, Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесінде халықтың белсенділігі байқалды. Комиссия мүшелерінің мәліметінше, осы уақытқа дейін аталған учаскеде тізімге енгізілген сайлаушылардың шамамен 20%-ы дауыс беріп үлгерген.
«Конституциялық комиссияның және Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қызметіне тікелей атсалысқан адам ретінде, бүгінгі дауыс беру нәтижесі қоғамның менің де атқарған жұмысыма берген бағасы болады деп есептеймін. Еліміз үлкен өзгерістердің табалдырығында тұрғанына кәміл сенемін», — деп атап өтті Азат Перуашев.
Сондай-ақ, ол барша
қазақстандықтарды осынау тарихи оқиғамен құттықтады.