30
Мамыр

«Ақ жол» депутаты Азамат Әбілдаев Қордай ауданындағы ауылдарды аралады

30 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен Әзірбаев, Отар, Қордай ауылдарын аралады.  

Халық қалаулысы аудан орталығы – Қордай ауылынында аудан активі, мұғалімдер мен дәрігерлер, полиция қызметкерлері және волонтерлермен кездесті. Жиынға  Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаевта қатысты.


Жиында қатысушыларға алдағы түзетулер негізгі Ата Заң баптарының үштен біріне әсер ететінін айтылды. Бұған қоса, депутат алдағы конституциялық реформа Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудағы басты қадам екенін түсіндіре отырып, 5 маусымда дауыс берудің маңыздылығын атап өтті.

Алдағы референдумды толығымен қолдап отырған ауыл халқы, бұл өзгерістерден үлкен үміт күтетіндерін және жаңа даму дәуіріне қадам басу деп түсінетіндерін айта отырып тарқасты.