10
Шілде

«Ақ жол» депутаты Ержан Бейсенбаев Жетісу облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

10 шілде 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» демпартиясының Парламент Мәжілісіндегі депутаты Ержан Бейсенбаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында «Инфроэнерго» ЖШС және «Алмазцерамикс» ЖШС ұжымдарымен кездесулер өткізді. 

Кездесуге, сондай-ақ, партияның Жетісу облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ермек Егінбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Қажы Қайыр, аудандық мәслихаттың депутаты Азамат Райымбековтер қатысты. 

Жиын барысында ақжолдықтар Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобаларына тоқталып, кәсіпорынның жұмысымен танысты, зауытты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ, кәсіпорындардың өзекті мәселелері назарға алынып, қызметкерлер ипотекалық несиелеу мен бағаны мемлекеттік реттеуге қатысты сұрақтар қойды.