23
Қыркүйек

«Ақ жол» депутаты соғыс ардагері ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

23 қыркүйек 2022 жыл, “Ақ жол” партиясының баспасөз қызметі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Ізғұтты Айтықов ауылында осы ауылға есімі берілген Кеңес Одағының батыры, екінші дүниежүзлік соғыстың ардагері Ізғұтты Айтықовтың жүз жылдық мерейтойы аталып өтіп, туған жерінде батырға ескерткіш ашылып, ас берілді.


Батырдың аруағына бас иіп дұға жасауға мыңнан аса аудан тұрғындары жиналды. 

Осы шараға "Ақжол"  демпартиясынан  Мәжіліс депутаты Берік Сәлімжанұлы мен партия хатшысы Қожахмет Асылхан бастаған облыстық партия филиалының өкілдері де қатысты.

Батыр баба ескерткішінің ашылу рәсімінде Берік Сәлімжанұлы "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Ұлан ауданының азаматтарын аталмыш шараға байланысты құттықтауын аудан басшылығы мен тұрғындарға табыс етті. 


Сондай-ақ, көрші Тарғын, Мамай батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.