08
Ақпан

«Ақ жол» ҚДП Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызының республикалық дебат турниріндегі жеңісі

8 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Алматы қаласында «Ақ жол» ҚДП Республикалық жастар форумының жұмысы басталды. Форумның ашылуында партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Форумға «Ақ жол» ҚДП Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы, сондай-ақ Абай облысының білім және жастар саясаты саласында белсенді қызмет атқарып жүрген жастар мен мамандар қатысуда.

Форумның алғашқы бөлігінде жастар кеңесінің жаңа жобалары таныстырылып, 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ, «Aq Jol Debate Tournament» дебат турнирінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

Жүлдегерлер арасында Абай облысының атынан қатысқан жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы республикалық кезеңде 1 орынға ие болып, жоғары дәрежеде жеңіске жетті. Бинұр Ахатқызының бұл жетістігі оның көпжылдық еңбегінің, шешендік қабілетінің және дебат мәдениетін дамытуға қосқан үлесінің дәлелі болып табылады.

Бинұр Ахатқызының жеңісі мен форумның нәтижелері «Ақ жол» ҚДП жастар кеңесінің жұмысының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.