8 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
Алматы қаласында “Ақ жол” ҚДП Жастар кеңесінің республикалық форумы өтуде.
Жиында төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев сөз сөйлеп, форум
жұмысына сәттілік тіледі.
Форумға “Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар қанатының көшбасшысы
Қадыржан Есенов, Тараз инновациялық
көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалампыр
Қуанышбек және Жастар ісі жөніндегі жетекшісі Самал Бақтиярова қатысуда.
Форумның алғашқы бөлімінде Жастар кеңесінің жаңа жобалары таныстырылып,
2024 жылы Жастар қанатының атқарған жұмыстары қорытындыланды.
Сондай-ақ “AQ JOL VIDEO AWARDS 2024” қысқа метражды бейнероликтер
байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды.
Жүлдегерлер қатарында Жамбыл өңірінің қатысушылары да бар. Атап айтсақ, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалампыр Қуанышбек және Жастар ісі жөніндегі жетекшісі Самал Бақтиярова “Үздік операторлық жұмыс” номинациясын жеңіп алып, 200 мың теңгенің сертификатына ие болды.