Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы алдындағы
үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық
филиалының өкілдері елорданың көгалдандыру, абаттандыру және жасыл желектерді
күтіп-ұстау жұмыстарын жүзеге асыратын негізгі кәсіпорындардың бірі – «Астана
Зеленстрой» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – ресмилік пен ұрандарға емес, ашық әрі мазмұнды
диалогқа басымдық беру болды. Кездесу барысында «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық
филиалының өкілдері Жанаргүл Қүлмагамбетова, Асия Құлдыбаева және Бауыржан Жанқонақов
партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.
Кездесуде кәсіпкерлікті қолдау және салық жүйесін жетілдіру, бизнеске
қолайлы жағдай жасау, сапалы әрі қолжетімді білім беру, денсаулық сақтау
жүйесін нығайту, сондай-ақ жастарға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері
кеңінен сөз болды.
«Кейде ең маңыздысы – ауқымды іс-шаралар емес, адамдардың үнін тікелей
есту. Еңбек ұжымын толғандыратын мәселелерді, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен
азаматтардың нақты қандай өзгерістер күтетінін білу – біз үшін маңызды», – деп атап өтті партия өкілдері.
«Ақ жол» партиясы азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, еліміздің жаңа заң шығарушы органын қалыптастыруға қатысуға шақырады: «Ең бастысы – бей-жай қалмау. Сіздің дауысыңыз шынымен маңызды».
Өзгерістер «Ақжолмен» бірге!
.jpeg)
.jpeg)