02
Шілде

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының конференциясы өтті

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы конференциясы  өтті.

Жиынға филиалдың Кеңес отырысында Жамбыл облыстық және жергілікті мәслихаттарға сайланған депутаттар мен партия филиалының Кеңес мүшелерінен сайланған делегаттар қатысты.

Конференция жұмысын «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұханбетәлі Шалқарбеков жүргізіп отырды.

Мұханбетәлі Жеңісұлы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енуімен құттықтап, «Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесімен таныстырып өтті.

Конференцияның күн тәртібінде 2026 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласында өтетін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының ХХІІІ съезіне облыс атынан қатысатын делегаттарды сайлау мәселесі қаралды.

Облыстық конференцияға қатысушылар ұсынылған делегаттарға тізім бойынша дауыс берді.

Конференция қорытындысында делегаттар құрамы ресми түрде бекітілді:

1. Мұханбетәлі Шалқарбеков

2. ⁠Дәурен Ахметжаев

3. ⁠Бауыржан Найзақұлов

4. ⁠Мөлдір Қырықбаева

5. ⁠Шыңғыс Абдрахманов

6. ⁠Серік Мақажанов

7. ⁠Нұржан Қарғабаев

8. ⁠Батырхан Онбаев

және  сьезд жұмысына шақырылған қонақтар ретінде: Шахан Байкенжеев, Берік Тлебаев.

Айта кету керек, жергілікті мәслихаттардың алтыншы шақырылымында «Ақ жол» Демократиялық партиясынан үш кандидат Жамбыл облыстық, екеуі Тараз қалалық мәслихаттарына депутат болып сайланған. Ал жетінші шақырылымында Жамбыл облыстық мәслихатына бір кандидат партиялық тізіммен, бір үміткер бір мандаттық жүйе бойынша, үшеуі Тараз қалалық мәслихатының, он төрт канидат аудандық мәслихаттарға депутат болып сайланып, «Ақ жол» Демократиялық партиясының имиджін көтеру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.