08
Ақпан

“Ақ жол” ҚДП Жастар кеңесінің республикалық форумы

8 ақпан 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы

Пікірсайыс құрылтайы

Алматы қаласында “Ақ жол” ҚДП Жастар кеңесінің республикалық форумы өтті. Форум аясында пікірсайысшылар құрылтайы ұйымдастырылды. Бұл маңызды жиында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген пікірсайысшылар бір алаңда бас қосып, пікірсайыс қозғалысының даму бағыттарын талқылады.

Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің атынан Бинұр Ахатқызы қатысып, өңіріміздің пікірсайыс қозғалысын таныстырды. Құрылтайды Қазақстан Пікірсайыс федерациясының вице-президенті ұйымдастырды.

Қатысушылар: Павлодар, Алматы, Қостанай, Тараз, Петропавл қалаларынан келген пікірсайысшылар.

Бұл форум – жастардың саяси белсенділігі мен пікірсайыс мәдениетін дамытуға жасалған үлкен қадам!