27
Тамыз

«Ақ жол» өкілдері Құрылтай депутатының мандаттарын алды

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай құрамына сайланған партия өкілдеріне депутаттық мандаттарды табыстады.

Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы 8 депутаттық мандатқа ие болды.

Партия атынан Құрылтай құрамына:

— Еспаева Дания Мәдиқызы;

— Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы;

— Нұралдинов Олжас Елтайұлы;

— Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы;

— Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы;

— Шынасилова Мейраш;

— Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы;

— Ли Юрий Виссарионович енді.

Осы күннен бастап партияның парламенттік жұмысының жаңа кезеңі басталады. «Ақ жол» өкілдері партияның бағдарламалық бастамаларын жүйелі түрде ілгерілетіп, азаматтар мен отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға, бәсекелі экономиканы дамытуға, парламенттік бақылауды күшейтуге және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға күш салады.

Алынған мандаттар — ең алдымен партияға сенім білдірген сайлаушылар алдындағы үлкен жауапкершілік.

Ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай өз жұмысын осы жұмада бастайды деп күтілуде.