23 маусым 2022 жыл,
«Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы
Түркістандық кәсіпкерлер ҚР Ұлттық индустриалды палатасының басқарма
төрағасы Дмитрий Васильев және «Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің хатшысы Болат Момышевпен кездесті.
Кездесуде Түркістан облысындағы индустриалды аймақтағы күрмеуі шешілмеген
мәселелері айтылды. Әсіресе, кәсіпкерлер электр энергиясының тарифінің жоғары
екенін жеткізді. Кемі 30%- ға төмендету ұсынылды.
«Кентау» индустриалды ақмақты көгалдандыру, құрылыс жұмыстарын жүргізу,
қоқыстан тазарту, кіреберіс қақпаны ауыстыру проблемалары айтылды.
«Бәйдібек» индустриалды аймақ құрылыс жұмыстарының бітпеуіне байланысты
эксплуатацияға берілмегеніде қозғалды.
Ал, «Түркістан» индустриалды аймақта 310 гектар жерге құрылыс жұмыстары
жүргізіліп жатыр. 6,9 млрд.теңге бөлінген.
Кейбір аймақтарда газ, кәріз, су мәселесі жолға қойылмағандығы туралы
мәселелерде көтерілді.