2024 жылы 16 мамырда Алматы қаласы мәслихатының депутаты Олжас Елтайұлы қала тұрғындарының алаңдаушылығын және наразылығын тудыратын сауда нысандарының стихиялық заңсыз әрекеттерінің жағымсыз салдарын зерделеу және жою жөніндегі дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы: «Стационарлық емес сауда нысандарының қызметін реттеу: механизмдер мен тәжірибе». Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шарада Кәсіпкерлік және инновациялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев, ӨМПС МКҚК аға инспекторы және азаматтық белсенділер сөз сөйледі.
Олжас Нұралдинов өз сөзінде кәсіпкерліктің Алматы қаласы экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін және ең бастысы, адал кәсіпкерлердің құқығына қол сұғуға болмайтынын атап өтті. Барлық ұсыныстар қала әкімшілігіне жолданатын болады.