12 қараша 2025 жыл, Астана қалалық филиалы
Өткізілген ротация нәтижесінде елордалық мәслихаттағы «Ақ жол» партиясы
фракциясының құрамы - Садырбаев Нұржан
Есентайұлы мен Қабдығалиева Мейрамгүл Кенжегалиевна әріптестерімізбен толықты.
Олар — белсенді азаматтық ұстанымы бар, елорданың дамуына нақты үлес қосуға
ұмтылатын кәсіби мамандар.
«Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы әріптестерімізді депутаттық фракция
құрамына қосылуымен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа идеялар, табысты қызмет және Астана мен еліміздің өркендеуі жолында
жемісті жұмыс тілейміз!


