9 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
9 мамыр – Жеңіс күні Алматы қалалық филиалының өкілдері 28
гвардияшы-панфиловшылар саябағында ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан
соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге ерекше құрмет көрсетті.
Біз – бүгінгі ұрпақ, бейбіт аспан мен тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз
үшін ардагерлерімізге қарыздармыз. Олардың ерлігі – мәңгі жадымызда.
Біз аталарымыздың батырлығын мақтан етеміз. Олардың жанқияр ерлігі –
елімізге деген сүйіспеншіліктің, халыққа деген адалдықтың символы.
Бейбіт өмір сыйлаған жандардың рухына тағзым ете отырып, біз олардың
аманатын ұрпаққа жеткізуге, елге адал қызмет етуге әрдайым дайынбыз.




