22 қазан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық
байқауын таныстырды.
Филиал төрағасының орынбасары Адай Кенжебайұлы Шуханов пен Кеңес мүшесі
Асқар Ұласбекұлы Амалбеков Арбатта серуендеп жүрген жастарға байқау туралы ақпарат беріп, қатысу шарттары мен талаптарын
түсіндірді. Сонымен қатар ақпараттық буклеттер таратылды.
🔹 Байқаудың басты мақсаты – «Алаш» қозғалысының саяси тәжірибесін,
экономикалық ұстанымдарын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын
жаңғыртудың үлгісі ретінде дәріптеу.
🔹 Қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын – эссе, мақала немесе ғылыми
еңбек түрінде қазақ және орыс тілдерінде ұсына алады.



