24 мамыр 2025 жыл, Алматы қалалық филиалы
2025 жылы 24 мамыр күні «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық Мәслихат
депутаты Мәслихат депутаттарының жиынына қатысты.
Күн тәртібінде маңызды мәселе болды: қала әкімі лауазымына кандидаттарды
қарау. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы
Айбек Дәдебаев та қатысты.
Мемлекет басшысының ұсынысымен екі кандидат ұсынылды: Дархан Сатыбалды мен
Бейбіт Шаханов. Ашық дауыс беру кезінде депутаттардың басым бөлігі – 32-нің 23-і
Дархан Сатыбалдыны қолдады.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес және мәслихат депутаттарының келісімі
бойынша Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Депутаттық корпус жаңа әкімді қолдап, қаламыздың гүлденуі жолында адал да
сындарлы ынтымақтастыққа ашық деп ойлайды.
Жаңа әкімге ақ жол тілейміз!

